Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас  /  Құрылым /  Профилактика және әлеуметтік-психология қызмет бөлімі
Профилактика және әлеуметтік-психология қызмет бөлімі
        Серімов Арман Мұхитұлы – әлеуметтік-психология және профилактика бөлімінің меңгерушісі
Ақтөбе қаласының М. Оспанов атындағы БҚММУ «емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатураны тәмәмдады. Урология, менеджмент, денсаулық сақтау мамандықтары бойынша алғашқы қайта даярлаудан өтті. «Кәсіби патологияның өзекті мәселелері», «Урология және андрология мәселелелері», «Жан басына кешендік норматив  бұл амбулаторлық – емханалық көмекті қаржылай қамтуды жақсартатын құрал», «Медициналық ұйымдардың қорларын тиімді басқару» бойынша кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
 




 
       

Құмарова Гүлнәр Хасенқызы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі үйлестіруші

Әлеуметтік ғылымдар магистрі, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, клиникалық әлеуметтік маман. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен, елдің 20-жылдығын мерекелеу құрметіне медальмен, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің және Астана қаласы филиалының «Нұр Отан» ХДП алғыс хаттарымен марапатталған. Астана қаласы әлеуметтік-психологиялық кеңесінің мүшесі. АҚШ, Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінің Әлеуметтік жұмыс мектебінде оқу турынан, келесі циклдар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Денсаулық сақтау менеджменті» ДСРДО, «Жасөспірімдерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету», «Әлеуметтік жұмыс, білім, дағды мен мүмкіндіктер маңызын дамыту және арттыру», «Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау, басқару және бюджеттеу». Денсаулық сақтаудың америкалық одағы қолдауымен «Әлеуметтік жұмыс және сау қоғамдарды мобилизациялау», ООН  UNICEF Балалар қорының қолдауымен «Жастарға қамқор емхана», «Ерте жастағы балалар әлеуметтік жетімдігінің алдын алуындағы біріктірілген тәсіл», KINDER DORF SOS Қазақстанның балалар ауылының Қоры қолдауымен«Жанұяны нығайту және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» қолдауымен өткен халықаралық жобалардың қатысушысы. Әлеуметік жұмыс пен психологияның Халықаралық және Республикалық білім беру бағдарламалары бойынша сертификаттары бар.



 

 

 

 

Жанабекова Жанна Жантайқызы - психолог.

Психология бакалавры.  Психология, психология мұғалімі мамандығы бойынша Курган мемлекеттік университетін тәмамдаған. ІІМ органдарын аттестациялауға қатысқандығы үшін Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Таллин қаласы, Эстония, Хельсинки қаласы, Финляндияда денсаулық сақтау саласындағы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету бойынша оқу турларынан, ООН  UNICEF Балалар қорының «Жанұяны нығайту және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» халықаралық жобасының шеңберінде біліктілікті арттыру бойынша курстардан өтті. Келесі циклдар бойынша оқыды: «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс: теория мен тәжірибе», «Психикалық белсенді заттарға тәуелділерді медициналық-әлеуметтік оңалту» «Медициналық психология негіздері», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі психикалық-әлеуметтік оңалту», «Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлау, басқару және бюджеттеу», «АҚТҚ алдын алу саласындағы әлеуметтік серіктестікті құру», «Гештальт-терапияның теориясы мен тәжірибесі», «Медициналық психология».
Тел.- 27-45-18


 

 

 

 

Жандаулова Жулдуз Сембайқызы, әлеуметтік қызметкер
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бакалавр, магистр, Астана қаласының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін Әлеуметтік ғылымдар факультетін бітірді. Астана қаласының КазГЮУ Әлеуметтік ғылымдар факультетін әлеуметтанушы мамандығы бойынша магистратураны бітірді. «Жастар арасында ЖҚТБ инфекциясын төмендету бойынша тренер», «Қазіргі заманғы жастар саясатындағы өзекті мәселелер, олардың шешілу жолдары мен механизмдерін қалыптастыру», «Әлеуметтік жұмыс саласында бүгінгі күндегі көкейкесті мәселелерді шешу». Sertificat: of attendance International Conference «Palliative care: new quality of life» сертификаттары бар. «Суицидология негіздері және дағдарысты психотерапия» (Ресей Психотерапиялық Қауымдастық), «Медициналық қызметтер жеткізушілері үшін тиімді коммуникациялар». «Қазақстанда отбасылық медицинаның қалыптасу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушысы. 
 

 

 

 

 



Шонова Әсел Бағдатқызы – әлеуметтік қызметкер. 

Еуразия Ұлттық университетін тәмамдады, әлеуметтік жұмыс бакалавры, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – әлеуметтік жұмыс магистрі. ООН  UNICEF Балалар қорының «Жанұяны нығайту және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» халықаралық жобасының шеңберінде біліктілікті арттыру бойынша курстардан, келесі циклдар бойынша оқу семинарларынан өтті: «Есірткіге салынатын адамдарға әлеуметтік-медициналық көмек ұйымдастыру қағидаттары», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі психикалық-әлеуметтік оңалту».

 

 

 

 




Байрактар Вилена Ринатовна – психолог. 

Психология бакалавры. «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім берудің негізгі курсын бітірген. «Ашық әңгімелесудің топтық динамикасы» тақырыбы бойынша сертификатталған оқу тренинг-курстан өтті. 

 

 

 

 

 

 


Рахимова Оминахон Бахадырқызы,  СӨСҚ жөніндегі мейіргер

«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша Астана медициналық университетін бітірді, мейіргерлік іс бакалавры. «Мейіргерлік іс менеджменті», «МСАК деңгейінде қантты диабетпен ауыратындарға мейіргерлік көмек көрсету» циклдары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
 

       

Қабдошева Жанар Дулатқызы отбасылық кеңесші
Астана Медициналық университеті «қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері» мамандығы бойыша тәмәмдады. «Госпитальге дейінгі деңгейдегі шұғыл көмек» тақырыбы бойынша курс өтті.
 
ДИРЕКТОР
блогы
Есдаулетов
Толеген Тулеуұлы
Задать вопрос



















Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Байланыс ақпараты
Разработка сайтов
Компания «SmartSite»