Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас  /  Құрылым /  Әкімшілік
Әкімшілік
            Есдаулетов Толеген Тулеуұлы  – директор.


    «Жалпы хирургия», «Қоғамдық денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша бірінші біліктілік санаты бар дәрігер. 
    «Фельдшер» мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл медициналық училищесін (1984ж.) бітірді, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық институтын (1992) тәмамдады.  Облыстық аурухана негізінде Ақмола мемлекеттік медицналық университетінің интернатурасында «хирургия» мамандығы бойынша даярлықтан өтті. «Онкология», «жалпы хирургия» мамандықтары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. «Қоғамдық денсаулық сақтау / әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша қайта даярлықтан өтті.
     
     

     
           

    Абзалова Роза Абзалқызы – директордың емдеу-алдын алу ісі жөніндегі орынбасары


    Медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер; атқаратын лауазымына «жалпы тәжірибелі дәрігер», «қызметтік диагностика дәрігері» мамандықтары бойынша сәйкестік сертификаты бар, АҚШ-та, Израильда, Литвада, Финляндияда, Швеция мен Ұлыбританияда жалпы отбасылық медицина және әлеуметтік жұмыс бойынша оқудан өтті. ҚР денсаулық сақтаудың үздігі. Қазақстанның 100 ең үздік әйелдерінің қатарында. Марапаттары: «Құрмет» ордені, «10 жыл Астана» медалі, «Алтын Дәрігер» кеуде белгісі, денсаулық сақтаудың дамуына үлес қосқаны үшін кеуде белгісі.Адам өмірін құтқаруға және адам денсаулығын сақтауға зор үлес қосқаны үшін «Ұлттық медициналық қауымдастығының» кеуде белгісімен марапатталды (2015 жылғы 12 наурызы, Алматы қаласы), сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы медицина жүйесін дамытуда ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасындағы отбасылық медицинасының 20 жылдығының күніне орай марапаттау тақтасына лайықталды ("Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы", 2015 жылғы 26 тамызы, Семей).        


     

              Такеева Рамжан – экономикалық және қаржы мәселелері бойынша директор орынбасары

    Бухгалтерлік есеп және аудит (экономист) мамандығы бойынша Алматы Экономика және статистика академиясын тәмәмдады. Кәсіби бухгалтер сертификатының иегері. «ҚЕХС сәйкес бухгалтерлік есеп», «Салық және салық салу», «Азаматтық құқық», «Ұйымды басқарудағы қаржылық менеджмент», «Экономика және денсаулық сақтауды қаржыландырудың өзекті мәселелері», «ҚР мемлекеттік сатып алулар», «Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды тиімді басқару» топтамалары бойынша кәсіби біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

     
    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»