Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас /  Емделушілерді қолдау қызметі
Емделушілерді қолдау қызметі
    Мақсаты: медициналық көмек сапасын арттыру
    Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58 бабына сәйкес Емделушілерді қолдау қызметі (Ішкі бақылау қызметі) құрылды. Емделушілерді қолдау қызметінің атқарымдарына медициналық көмек көрсетудің тәртібін бұзу фактілерін айқындау жатады. Осыған байланысты, егер Сіз:
    - Медициналық көмектің көрсетілу сапасымен қанағаттанбасаңыз;
    - Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет үшін медициналық қызметкерлердің ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;
    - Сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібіне және сапасына байланысты басқа мәселелерге тап болсаңыз, Сіздің Емделушілерді қолдау қызметіне (ішкі бақылау қызметі) жүгіну құқығыңыз бар.
    Сіздің өтінішіңіздің әділдік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында оны сіздің қатысуыңызбен Комиссия қарастырады.
    Сіздің ыңғайлығыңыз үшін Сіз өз жазбаша өтінішіңізді атыңызды, тегіңізді және байланыс ақпаратыңызды (телефон, мекенжай, электрондық пошта мекенжайы) «Өтініштер қорабында» қалдыра аласыз. Өтініштер үшін қорап біздің Орталығымыздың кіреберісінде орналасқан.
                Біз Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде қарастырамыз және Сізге қорытынды жөнінде ақпаратты бес күнтізбелік күннен кешіктірмей береміз.
                ШЖҚ "13 Қалалық емханасы" КМК тұрғындарға қолдау көрсету қызметін ШЖҚ "13 Қалалық емханасы" КМК директорының медициналық қызмет сапасы жөніндегі орынбасары Закарьянова Лайля Лухмановна жетекшілік етеді. Туынған сұрақтар бойынша әр сәрсенбі сайын сағат 16:00-18:00 аралығында қабылдау жүргізіледі.

    Емделіп жатқан емделушілердің өздері де, олардың туысқандары да жүгінуге құқылы. Біздің емделушілердің медициналық көмектің көрсетілу деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында, сондай-ақ мәселелі сұрақтарды айқындау және медициналық көмекті көрсетудің сапасын әрі қарай жақсарту үшін біздің емделушілерге және (немесе) олардың туыстарына сауалнама жүргізілуде. Сауалнама өз еркімен жүргізіледі, Сіз жайлы ақпарат жасырылады, сондықтан сауалнамада өзіңіздің тегіңізді немесе мекенжайыңызды көрсету қажет емес. Егер Сіз пікіріңізді дәл бейнелейтін жауаптарды таңдап, сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап берсеңіз және біздің ұйым көрсететін медициналық көмектің сапасын жақсартуға үлес қоссаңыз, біздің Сізге деген алғысымыз шексіз болады.

     
    Шағым және ұсыныстар беру ережесі
     
    Анықтама

    Жолдау - жолдауды қарастыратын субъекіге немесе лауазымды тұлғаға жеке немесе ұжымдық жазбаша, не ауызша электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды түрдегі құжат, ұсыныс, өтініш, шағым, сұрау салу немесе жауап.
    Бұл құжат медициналық ұйымның қызметіне байланысты келіп түскен наразыдықтарды, шағымдарды жолдау тәртібі мен қағидаттарын анықтайды.
    Мекемеге келіп түсетін шағымдар екі түрлі болады:
    • емделушінің қызметкердің қызметімен қанағаттанбауы
    • медициналық қызмет сапасына
    Шағымды қарастыру кезінде уақыттылылық, әділдік, шындық, бейтараптық және  шағым мен арыз берушіге қатысты құпиялылық сақтауды қамтамасыз етеді.
    Шағымды қарастыруда шағымға қатысы бар тұлғалар қатыспауы тиіс
     
    Ресурстар
    1)Қызметкерлер
    2) Шағым жәшігі
     
    Құжаттау
    1) Шағымдарды тіркеу журналы
    2) Жолдауды қарастыру хаттамасы
    3) Арыс берушіге жауап

    Рәсімдер:
    Рәсім келесі кезеңдерді қамтиды:
    Шағымды қабылдау және тіркеу:
    Келіп түскен шағым медициналық ұйымның корреспонденциялық кеңсе кіріс және шығыс журналында тіркеледі.
    Тікелей субъектіге жазбаша жүгінген арыс берушіге күні мен уақыты, шағымды қабылдаушы тұлғаның тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері көрсетілеген талон беріледі.
    Жолдау оның ішіндегі қойылған мәселені  шешу құзыреттілігіне кіретін субъектіге немесе лауазымдық тұлғаға бағытталады.
       Жеке тұлғаның  жолдауында оның тегі, аты,  сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі, заңды тұлғалар - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығым нөмірі және күні көрсетіледі. Жолдау арыз  берушімен қол қойылу немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталуы тиіс.
             Шағым беру кезінде кімнің қызметі шағымдалып жатыр, сол субъектің атауы немесе лауазымы, лауазымдық тұлғаның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері,  жолдау себебі және талаптар көрсетіледі.
     
    Жолдауды талқылау мерзімі

    Жеке және/немесе заңды тұлғалар жолдауы үздіксіз бес күндізбелік күн ішінде қаралады.
    Жолдауды талқылау.

    Жолдауды қарастыру кезінде Ішкі бақылау (аудит)  қызметінің қызметкерлері жеке және заңды тұлғалар жолдауын әділетті, жан-жақты және уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді. Жеке және заңды  тұлғалар бостандығы мен құқықтары бұзушылығын қалпына келтіру шараларын қабылдау;
    Жолдауды қарастыру кезінде Ішкі бақылау (аудит)  қызметінің қызметкерлері жолдауды талдауға қажетті  ұсынылған ақпараттар нақтылығы мен жинауға жауапты болады. Шағымдарды жолдау жауапкерілігі Ішкі бақылау (аудит)  қызметіне, емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарға және медициналық ұйым бөлімдерінің меңгерушілеріне жүктелген. Шағымды қарастыру кезінде шағымға қатысы болған тұлғалар қатыспауы тиіс
    Жолдауды қарастыру аяқталғаннан кейін хаттама құрылады.  Хаттама мен материалдар (бастапқы құжаттама, түсінік хат және т.б.) Ішкі бақылау (аудит)  қызметіне, емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарға және медициналық ұйым басшысына талқылауға және шара қолдануға беріледі.
    Жолдауды қарастыру нәтижесі бойынша  келесі шешімдердің бірі қабылданады:
    1. жолдауды толық немесе жартылай қанағаттандыру туралы;
    2. қандай да бір шешім қабылдау негізінде жолдауды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
    3. жолдау мәні бойынша түсіндіру беру туралы;
    4. жолдауды қарастыруды тоқтату туралы.
    Арыз берушіге жауап.

    Жолдауға жауап негізделген немесе себептемелі мазмұн бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтемемен мемлекеттік тілде немесе жолдау тілінде болуға, арыз берушінің дәлелдемелерді растайтын немесе  жоққа шығаратын, оның қабылданған шешімді бойынша наразылық білдіру құқығын түсіндіретін, нақты фактілерді қамтуы тиіс.

    Шағым бойынша аяқтау жұмыстары

    Нақты бір шағым бойынша жұмыс аяқталғаннан кейін мүдделі бөлімше
    сапа қызметімен бірлесе шағымның қайта түсуін алдын алу жөнінде түзету және ескерту әрекеттерін  өндеу туралы шешім қабылдайды.
    Шағым қарастырылу аяқталғаннан кейін Ішкі бақылау (аудит)  қызметінің жауапты қызметкері шағым бойынша есеп құрады.
    Жауапты қызметкер шағымның қайта түсуін алдын алу жөнінде түзету және ескерту әрекеттерін  орындалуына бақылау жүргізеді. Бақылау нәтижесі бойынша ол жоғарыда көрсетілген әрекеттердің орындалуы (орындалмауы) туралы есепте белгі қояды.
    Ішкі бақылау (аудит)  қызметінің басшысы тоқсаға бір рет шағымдар бойынша есеп құрады, оның ішінде:
    - түрлері бойынша жалпы шағым саны;
    - шағымның негізділігі;
    - шағым құрылымы.
    Шағым бойынша есеп басшылық тарапынан сапа жүйесіне талдау жүргізу кезінде және емделушілерді қанағаттандыру және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру бойынша шараларды жоспарлау кезінде  қолданылады.
     
    Ескерту:
     
    1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУТЦИЯСЫ (29 бап)
    2. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс (жағдай бойынша өзгертелер мен қосымшалар 10.07.2012ж енгізілді)
     «ПАЦЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ»
    91-бап. Пациенттердің құқықтары
    92-бап . Пациенттердің міндеттері

    3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы

    4. ҚР  Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1577 «Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы 

     
     
    Өзгерістерді тіркеу парағы
     
    Өзгерістер енгізілген бөлім, стандарт пункті, № Өзгерістің енгізілу күні Өзгерісті енгізген тұлғаның ТАӘ
           
           
           
           
           
           
           
     

    Танысу парағы
     
    Тегі А.Ә. Лауазымы Күні Қолы
             
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

     
    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»