Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас /  Әлеуметтік маңызы бар аурулар
Әлеуметтік маңызы бар аурулар
    ДДСҰ деректеріне сәйкес әлем бойынша 20-59 жастағы әйелдердің өлімінің маңызды алғашқы себебінің бірі сүт безінің қатерлі ісігі болып табылады, әйелдер арасында ісік ауының 16% осы жағдайы  келеді, сырқаттың өрлеуі өмір сүрудің ұзақтығына,  қалалану мен қазіргі заманға сай өмір сүрудің оданда кең таралуына байланысты. 2012 жылы 1,7 миллион әйелде сүт безінің қатерлі ісігі анықталды және жарты миллион әйел осы кеселден көз жұмды (ДДСҰ).
    2013 жылы барша мемлекеттермен мақұлданып, жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) бойынша ДДСҰ Ғаламдық жоспар әрекетіне әйелдердің онкологиялық аурулары қосылды. БҰҰ  қабылданған Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)  ЖЕА-дан өлім жағдайлар санын кеміту жалпы міндетіне  қосады, оның ішінде мынадай жағдайлардан, 2030 жылы үштен бір бөлігі сүт безі ісік ауруларынан.
     
    2016-2030 жж. әйел, бала және жасөспірім денсаулығы жөніндегі ғаламдық стратегиясының мақсаты  бетін қайтаруға немесе емдеуге болатын аурулардан бір де бір ана, не бала немесе жасөспірім жан бермейтін, осында әлемді құру болып табылады.  Босанғаннан әйелдер 5 немесе 10 жылдан кейін нәтижесі осындай қиын зардаптарға әкелетін, онкологиялық аурулармен жиі кездесуі мүмкін.
    Осы стратегияны басшылыққа ала отыра  қоғам тез арада зиянды тамақтану, семіздік, физикалық белсенділіктің төмендігі, темекі тарту және ішімдікке салыну секілді тәуекел факторларының  теріс әсерін қоспағанда, мінез-құлқын өзгертуде дұрыс шешім қабылдауға бет бұруды қоса отырып, онкологиялық ауруларды анықтау мен өмірінің бүкіл кезеңінде әйел денсаулығын нығайту  жөнінде  күш қарқынын ұлғайтуы қажет.
     
    Сүт безі ісігі әйелдер арасында бүкіл әлем, сонымен қатар Қазақстанда  онкологиялық аурулар мен өлім құрылымында озық орынды алуда. Бұл аурудан жан тапсырғандар 2015 жылы 100 000 мың тұрғынға 7,9 құрды, 2014 жылы 86,6% қарағанда сүт безі ісігінің І және ІІ сатыдағы  меншікті салмағы  80,3% . 2015 жылы ерте бастан жаңа пайда болған қатерсіз және қатерлі  сүт безі ісігін анықтау скрининг шеңберінде 408824 әйел қаралды, бұл 2014 жылы (386112 - 100,1%) қамтылған скринингтің  22,7 мыңға  асады. 23,65% тексері,лгендер санынан 96702 әртүрлі сүт безі патологиялары анықталды,  бұл 2014 жылмен салыстырғанда (11,7%)  айтарлықтай  ұлғайған, 96 043әйелде қатерсіз жаңа пайда болулар анықталды (23,49%).  ОНЭТ деректері бойынша 765 сүт безі ісігі жағдайы анықталған (0,19%), оның ішінде  І-ІІ сатыдағы 94,1% жағдай (2014ж – 91,3%) , 2014 жылдың осы кезеңінде – 700 сүт безі ісігі жағдайы тіркелген (0,18%).
     
     
    Сүт безі ісігі жиі мастопатия, сарысулы ісігі, қатерсіз жаңа пайда болулар   болып табылатынын атап өтерлік, бұлар өз алдына сүт безі ісігінің кеш анықталғанда және емдеу әдістері мен нәтижелеріне байланысты, сапасыз диагностикада ісіктің дамуына себебі болады.
    Ерте диагностикалау мен сапалы және уақытылы қол жетімді көмек сүт безі ісігіне қарсы күрестің іргетасы болып табылады. Анықталған аурудың  1-ші сатыда сауығу проценты 91-93%, 2-ші – 80%, 3-ші – 50%.
    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту арналған  2016-2019 жылға  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде онкологиялық ауруларды басқару біріктірілген моделдерді еңгізу белсенді жұмыстары басталды. Онкологиялық ауруларды басқару біріктірілген моделдердің мақсаты онкологиялық науқастардың өлімді азайту, өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасын ұлғайту.
             Он күндіктіктің негізгі мақсаты: қоғам онкологиялық ауруларды анықтау мен өмірінің бүкіл кезеңінде әйел денсаулығын нығайту  жөнінде  күш қарқынын ұлғайтуы қажет; денсаулық сақтау жүйесін нығайту және жалпы қамтитын денсаулық сақтау қызметіне ортақ зейінді ұлғайту, бұл әйелдердің онкологиялық аурулардан көз жұму және мүгелегін кемітуге шараларды қолдану үшін қоғамның көңілін осы мәселеге аудару және  шешім табуға мүмкіндік береді;  заманауи скринингтік қаралудан (маммография) өту үшін әйелдер мен олардың отбасы мүшелерінде уәждемесін қалыптастыру;  өз денсаулығына ынтымақтастық жауапкершілікті қалыптастыру. 



















     Қызылша вирустан туындаған аса жұқпалы ауыр сырқат. 1980 жылы, вакцинацияның кең таралуына дейін қызылша себебінен 2,6 миллион өлім жағдайы орын алған.

    Қызылша қоздырғышы парамиксовирустар отбасынан шыққан вирус болып табылады. Әдетте қызылша вирусы тура жанасу, сондай-ақ ауа арқылы беріледі, шырышты қабықты жұқтырып, ағза бойынша таралады. Қызылша адам ауруы болып табылады және жануарларда тіркелмеген.
    Иммунизациялау бойынша жылдамдатылған іс-шаралар қызылшадан өлімнің азаюына айтарлықтай әсер етті. 2000-2014жж. қызылшаға қарсы вакцинациялау 15,6 миллион өлім жағдайынан сақтап қалды. Қызылшадан жаһандық өлім 75%-ға төмендеді – 2000 жылдағы 544 200 өлім жағдайынан 2014 жылы 145 700-ге дейін.  
    Белгілері мен әйгіленістері
    Қызылшаның алғашқы әйгіленісі – әдетте вирус әсер еткен соң шамамен 10-12 күннен кейін басталатын және 4 – 7 күн бойы созылатын қызудың анағұрлым жоғарлауы. Осы бастапқы кезеңде мұрын бітуі, жөтел, көздің қызаруы және көзжас ағу, сонымен бірге ұрттың ішкі жағында кішігірім ақ дақтардың пайда болуы мүмкін. Бірнеше күннен кейін бөртпе шығады, әдетте, бетке және мойынның үстіңгі бөліміне. Шамамен, 3 күннен кейін бөртпе бүкіл денеге тарайды, ақыр аяғында, қол мен аяққа да шығады. Ол 5-6 күн сақталып, жоғалады. Орта есеппен алғанда, бөртпе вирус әсер еткен соң 14 күннен (7 күннен 18 күнге дейін) шығады.
    Қызылшадан өлім жағдайларының көбісі осы ауруға байланысты асқынулар себебінен болады. Жиі асқынулар бес жасқа дейінгі балалар мен 20 жастан асқан ересектерде байқалады. Ең қатаң асқынуларға соқырлық, энцефалит (бас миының ісінуіне әкелетін жұқпа), ауыр ішөтпе және оған байланысты сусыздану, құлақ жұқпалары және өкпе қабынуы сияқты тыныс алу жолдарының ауыр жұқпалары жатады. Қызылша нашар тамақтанатын ерте жастағы балалар арасында, әсіресе, А дәруменінің жетіспеушілігіне шалдыққан, немесе иммундық жүйесі АИВ/ЖИТС немесе басқа аурулармен әлсізденген балалар арасында ауыр түрде өтудің мүмкіндігі көбірек.
    Тамақтану жеткіліксіздігінің деңгейі жоғары халық топтарының арасында және тиісті медициналық көмек көрсетілмеген кезінде қызылшаның 10%  жағдайы өліммен аяқталады. Ауыр асқынулардың даму қаупіне сондай-ақ жүктілік кезіндегі жұқтырған әйелдер тап болады, ал жүктілік түсіктің өздігінен түсуімен немесе мерзімінен бұрын босанумен аяқталу мүмкін. Қызылшамен ауырған адамдарда оған қарсы иммунитет қалыптасады.
    Қауіп-қатерге кімдер жатады? 
    Екпе жасалмаған ерте жастағы балалардың қызылшамен ауырып қалу және асқынулардың даму, қайтыс болуды қоса алғанда қауіп-қатері ең жоғары. Егілмеген жүкті әйелдер де қауіп-қатер тобына жатады. Қызылшаны кез келген адам жұқтырып алу мүмкін, иммунитеті жоқ адам – екпе жасалмаған немесе екпеден кейін иммунитеті қалыптаспаған адам.    
    Қызылша әлі де дамушы елдерде – әсіресе, Африка мен Азияның кейбір бөліктерінде кең таралған. Жыл сайын 20 миллион адам қызылшамен ауырып қалуда. Қызылша себебінен өлім жағдайларының басым көпшілігі (95% астам) жан басына шаққандағы табысы төмен және денсаулық сақтаудың ішкі құрылымы әлсіз елдерде орын алуда.
    Қызылшаның ең өлтіретін от алуы табиғи апаттар мен шиеленістерге ұшыраған немесе осындай уақиғалардан қарапайым өмірге кері қайтып жатқан елдерде болады. Денсаулық сақтаудың ішкі құрылымдары мен қызметтеріне келтірілген зардап кесірінен жүйелі иммунизациялау тоқталады, ал тұруға арналған толы лагерьлер жұқтырудың жоғары қаупіне болысады.
    Жұқпаның таралуы 
    Қызылшаның жоғары жұққышты вирусы жөтелу және түшкіру, тығыз жеке жанасу немесе мұрын-жұтқыншақтың жұқтырылған шығындыларымен тура жанасу кезінде таралады.  
    Вирус ауада немесе жұқтырылған беттерде әрдайым 2 сағат бойы белсенді және жұққышты болып қала береді. Ол жұқтырылған адамда бөртпенің шығуына дейін 4 күн бұрын басталатын және бөртпе кеткен соң 4 күннен кейін аяқталатын мерзімде сол жұқтырылған адам арқылы таралу мүмкін. 
    Қызылшаның от алуы індет нысанында болу мүмкін, олар әсіресе ерте жастағы балалар, тамақтың жеткіліксіздігінен зардап шеккендер арасында сансыз өлім жағдайларына әкеледі.
    Қызылша едәуір жойылған елдерде басқа елдерден әкелінген ауру жағдайлары жұқпаның мәнді көзі болып қалуда.
    Емдеу 
    Қызылшаға қарсы бағытталған емдеудің арнайы бір түрі жоқ. Жақсы тамақтану, сұйықтықтың тиісті мөлшері және ДДСҰ ұсынатын ауыз регидратациялық еріткіштер көмегімен сусыздануды емдеу – қызылшаның ауыр асқынуларынан сақтанудағы қолдаушы емін қамтамасыз етеді. Осы еріткіштер ішөтпе мен құсу кезінде жоғалатын сұйықтықтың және басқа да маңызды микроэлементтердің орнын толтырады. Көз бен құлақ жұқпаларын және бауыр қабынуын емдеу үшін антибиотиктер тағайындалған дұрыс.
    Дамушы елдерде қызылша диагнозы қойылған барлық балалар А дәрумені қоспасының 2 дозасын 24 сағат аралығында алу керек. Бұл емдеу қызылша кезінде тиісті тамақтанатын балаларда да байқалатын А дәруменінің құрамындағы төмен деңгейін қалпына келтіруге, көз зақымынан және соқырлықтан сақтануға көмектеседі. Тәжірибе көрсеткендей, А дәруменінің қоспасы қызылшадан өлім жағдайларының 50% азаюына болысады.
    Ата-аналарға арналған жаднама «Қызылшаның алдын алу»
    Қызылша – өте жоғары шалдыққыштық қасиетіне тән вирусты жұқпа.  Егер адам қызылшамен ауырмаса немесе бұл жұқпаға қарсы екпе алмаса, онда науқаспен жанасудан кейін 100% жағдайда жұқтырылады. Қызылша вирусы өте жоғары ұшпалылықпен ерекшеленеді. Вирус вентиляция құбыры және лифт шахталары арқылы тарала алады – үйдің әр түрлі қабаттарында тұратын балалар бір мезгілде ауырады. Сырқат айқын бас ауруы, әлсіздік, қызудың 400С дейін жоғарлауынан басталады. Кейінірек осы әйгіленістерге мұрын біту, жөтел және тәбеттің толық жоқтығы қосылады. Қызылшаға конъюнктивиттің пайда болуы тән – көз шырышты қабығының қабынуы, ол көз қарлығу, көзжас ағу, көздің кенет қызаруы, ал кейін – іріңді шығындының пайда болуымен байқалады. Осы әйгіленістер 2 күннен 4 күнге дейін созылады. Аурудың 4 күнінде өлшемдері әр түрлі (диаметрі 1 – 3 мм.), қосылуға бейім, кішігірім қызыл дақтар сияқты көрінетін бөртпе шығады.  Бөртпе бет пен басқа (әсіресе құлақтың артына) шығады және бүкіл денеге 3-4 күн бойы таралады. Қызылша бөртпенің пайда болу реттілігі бойынша өзінен кейін реңденуді (бірнеше күн бойы сақталатын қоңыр дақтар) де сол ретте сақтайды. 
    Қызылшамен ауыру кезінде маңызды асқынулар пайда болу мүмкін. Олардың қатарына өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлағының қабынуы (отит), ал кейде энцефалит (ми қабынуы) сияқты  қатаң асқыну жатқызылады. 
    Қызылшамен ауырғаннан кейін әжептәуір уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитет тежелуі байқалатынын естен шығармаған жөн, сондықтан, бала салқын тигеннен болатын немесе вирусты аурумен ауырып қалуы мүмкін, осы себептен оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше – науқас балалармен жанасудан сақтау керек. Қызылшадан кейін тұрақты өмір бойғы иммунитет қалыптасады. Қызылшамен ауырған барлық балалар бұл жұқпаға шадықпайды.
    Сырқатқа қарсы жалғыз сенімді қорғаныш – Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация 
    Өзіңізді қызылшадан сақтаңыз! 
    Қызылшаға қарсы екпелер осы аурумен күресудің әсерлі әдісі болып табылады. Қызылшаға қарсы екпе салу тегін, республикалық бюджет қаражат есебінен жүргізіледі.
    Қайта егу
    Тегін иммунизациялау Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №1 «Қазақстан Республикасында қызылшаның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес бұл іс-шаралар 15 – 19 жастағы тұлғалар арасында жүргізіледі.
     


     

    20 қазан - Сүт бездерінің обыры туралы хабардар болудың халықаралық күні

     Санақ мәліметтері бойынша сүт безінің обыры әйел онкологиялық ауруларының арасында бірінші орын алады, және де 30 жастан кейін оның саны  өсіп, ең жоғары саны климакс алдындағы және климакстан кейінгі кезеңдеріне келеді. Дүние жүзінде әр жыл сайын 650 мыңнан астам сүт безі  обырының жағдайлары тіркелуде. Ол әр әйелдің денсаулығына қауіп-қатер тудырады деп айтуға болады. Және санақ мәліметтерінің имендіретін санының өсуі – ауру туралы аз хабардар болудың және дәрігерге тексерілу үшін сирек жүгінудің нәтижесі. Біз обыр туралы не білеміз? «Обыр» (cancer) сөзін медицина әкесі Гиппократ енгізген болатын, ол сүт безінің обырын бірінші болып сипаттаған еді. Аңыз бойынша бір күні Гиппократтан бір ақсүйек әйел көмек сұрап келген екен, оның емшектегі қорқынышты қатерлі ісігі теріге таралып, шаянның тас қабығына ұқсайтын қатты қабық құрылған. Абдыраған балгер емделушіге көмектесе алмады, бірақ оғаш ауруды сипаттап, оған тиісті атау берді. 

    Сүт безінің обыры – сүт безінің қалыпты жасушаларының қатерлі ісік түрінде қайта түзілуі. Бүгінде бұл аурудан ең аз дегенде әр оныншы әйел зардап шегуде. Сүт безі обырының нақты пайда болу себебі осы күнге дейін әлі анықталмаған. Бірақ ғалымдар ауруды азғыратын бірқатар қауіп-қатер факторлар тобын анықтады. Мысалы, радиоактивтік сәулелену көздерімен жұмыс істеу, әйел жыныстық гормондар деңгейінің жоғары болуы, нашар тұқымқуалаушылық (жақын туыстарының емшек обыры), қалқанша безі немесе бүйрекбезі қызметінің нашарлануы және т.б.

    Сүт безінің обыры пайда болғанда не болады? Мутацияланған жасуша еселеп көбейеді, сәйкесінше қатерлі ісік өсе бастайды. Тиісті емделу жүргізілмесе, оның көлемі тез үлкейіп, тері, бұлшықет пен көкірек қабырғасына енеді. Обыр жасушалары лимфалық тамырлар арқылы ең жақын лимфатүйіндеріне түседі. Олар қанмен бүкіл ағзаға таралып, жаңа ісіктерге – көшіктерге өмір береді. Жиі сүт безінің обыры өкпе, бауыр, сүйек, бас миына көшіктенеді. Бұл мүшелердің зақымдануы, сонымен қатар ісіктің ыдырауы өлімге әкеліп соқтырады.

    Ал енді басты сұрақ – бұл ауруды қалай тануға болады. Емшек обырын, басқа да онкологиялық ауруларды сияқты,  мүмкіндігінше ерте анықтау керек. Онда толық емделуге әлі де мүмкіндік болады. Өзіне күтім жасайтын әйел жүйелі түрде сүт бездерін өзі тексеру керек: оларды қарап, ұстап көреді. Сол кезде ғана ол пайда болған түйінді (емшек обырының негізгі және көбінесе жалғыз ғана белгісі) уақытылы байқай алады.

    Әр түрлі елдерде өткізілген эпидемиологиялық зерттеулердің көмегімен бұл онкологиялық аурудың жоғары қауіп-қатерін тудыратын бірқатар факторлар анықталды. Бірінші орынға жыныстық өмірмен сүрмейтін әйелдер шықты. Сонымен қатар сүт безі обырының пайда болудың негізгі себептеріне кешкі (25 жастан кейін) жүктілік және босану, аборттардың көп жасалуы, аз босану (үш реттен кем), ананың баланы емшек сүтімен емізуден бас тарту, ағзадағы әр түрлі физиологиялық өзгерістер, сондай-ақ климакс. Етеккірдің ерте және кеш аяқталуы, сонымен қатар егер әйелдің бұл сырқатпен ауырған туыстары болса, ерекше қауіп туады.

    Сондай-ақ, өзін өзі тексеру кезінде: емізік пішініне; қолдарды бастан жоғары көтергенде теріде «шұңқырдың» пайда болуына; емшек пішінінің өзгеруіне, емшекті ұстағанда құрылысының өзгеруі, сүт безінің біреуінде әрдайым болатын жағымсыз түйсікке; емізіктен қан шығындыларының шығуына; қолтық астында лимфалық түйіндердің үлкеюіне назар аудару қажет.

    Сүт безінің обыры аурудың көзге көрінетін нысандарына жатқызылғанымен, 30 жастан асқан әйелдерді маммографиялық бақылау көмегімен диагнозды клиникаға дейінгі кезеңде (8 – 9 жыл созылады)  анықтаған дұрыс. Әсіресе, аталған қауіп-қатер топтарына жататындар дереу тексерілу тиіс.

    Ісіктің дамуына жол бермеу үшін әр әйел өзін-өзі тексеру дағдыларына ие болғаны дұрыс. Мұндай тексерісті ай сайын өткізген жақсы. Бірнеше кеңес ұсынамыз:

    1.     Айна алдында қолдарыңызды көтеріп және түсіріп, емшегіңізді қараңыз. Біреуі екіншісінен үлкен бе? Бұл қалыпты жағдай. Қолдарыңызды жамбасқа қойып, бұлшықеттерді қатайтып және босатып алға қарай еңкейіңіз. Бір емшек екіншісінен едәуір үлкейді ме? Оның үсті өзгерді ме? Теріде қуыс пайда болды ма?

    2.     Сұқ, ортан және атыжоқ саусақтарды бірге қосып, емшекті басып (оң қол сол емшекті тексереді, және де керісінше) айналмалы қозғалыстар жасаңыз. Әр шеңбер сайын қысымды арттырып,  үш кішігірім шеңбер жасаңыз: сіз тіннің әр түрлі қабаттарын ұстап, түйін бар болса, оны сезе аласыз.

    3.     Саусақтарды түйіннен ары қарай қойыңыз және айналмалы қозғалыстарды қайталаңыз, емшегіңізді параллельді және вертикальды қимылмен, сантиметр сантиметрмен ұстаңыз. Бұғанадан емшек астыға дейін, емшектің сыртқы жағынан қолтық ойығы бойынша көкірек қуысына дейін. Лимфалық бездер туралы ұмытпаңыздар!

    4.     Ыңғайлы төсемеге бүйіріңізге жатып, аяғыңызды бүгіңіз және «үстіңгі» емшек көкірек қуысы бойынша «жүзбегенше»  иығыңызды арқаға қарай бұрыңыз.

    Енді оны параллельді сызықпен төмен-жоғары емізікке дейін – қолтық ойығынан кеудеше шеті орналасқан сызыққа дейін ұстап көріңіз. Кеуденің ішкі жағын тексеру үшін арқаңызға жатып, қолдарыңызды 90 градус бұрышқа, жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға қарай апарыңыз.

             Егер сіз әдеттегіден тыс бір нәрсе (мысалы, түйін) сезсеңіз, санақ мәліметтері бойынша сүт безінің 5-тен 4-сі қатерсіз болатынын ойда тұтыңыз. Бірден екінші емшегіңізді тексеріңіз. Егер түйсіктер бірдей болса, бұл сіздің кеуде тініңіз қалыпты екенін білдіреді. Дегенмен де консультация үшін онкологқа жүгінген дұрыс болар.

             Сәл ғана күдік туса да, дереу маммолог-дәрігеріне жүгіну керек. Тексерілу нәтижесінде сіздің күдігіңіз негізді екені анықталса, онда сізге қосымша тексерілу: рентген-маммографиясын және сүт безінің УДҚ белгіленеді. Қажетті болған жағдайда сүт безінің биопсиясы жасалады. Егер диагноз дәлелденсе, пациент денсаулығымен онколог-дәрігер айналыса бастайды. Сүт безінің онкологиялық ауруларын алдын алу үшін 40 жастан асқан әйелдер жылына бір рет болса да маммологта тексеріліп, маммография жасау қажет.  

             Сүт безінің обыры кешенді түрде емделеді. Алдымен ол хирургиялық араласу, химиотерапия, гормонотерапия мен сәулелік терапияны қолдану. Обырдың ерте кезеңдерінде тек бір ғана операциямен емделіп кетуге болады. Ірі ісік пен лимфатүйіндерде көшіктер болғанда сәулелік және химиотерапия өткізіледі.         Ауру ерте анықталса, оны емдеуде табысқа жету мүмкіндігі есейеді.
     

     
    Таяу Шығыс респираторлық синдромы коронавирусы
    (ТШРС-КоВ – ағылшынша MERS)

     
    Таяу Шығыс респираторлық синдромы коронавирусы (ТШРС) – жаңа коронавируспен (диагноз алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында қойылған) қоздырылған вирусты респираторлы ауру.
    2015 жылғы 10 маусымға дейін Оңтүстік Кореяда тоғыз адам қайтыс болып, 107 адам жұқтырылған.
    ТШРС-КоВ жануардан адамға берілетін зооноздық вирус болып табылады. Эпидемиологтар MERS коронавирусын Эбола қызбасынан қауіпті деп санайды, себебі бұл ауру ауа-тамшылық жолмен таралады.
     Медициналық мекемелерде ауру жағдайларының кластерлері орын алған, онда адамдар арасында таралу әбден ықтимал, әсіресе, егер жұқпаның алдын алу және онымен күресу әдістері жеткіліксіз жүргізілсе. Вирус Арабия түбегінің аймағында жайылуда, онда 2012 жылдан бастап аурудың көпшілік жағдайы (85 %) тіркелген. Аурудың бірнеше жағдайы Таяу Шығыс шекарасынан тыс тіркелген. Осы жағдайлардың көбісінде емделушілер жұқпаны Таяу Шығыстан жұқтырып, содан кейін сол өңірінен кетіп қалған. Корея Республикасындағы аурудың созылып жатқан тұтануы – Таяу Шығыс шекарасынан тыс ең көлемді тұтану – мазасыздықты тудырады, бірақ жұқпаның Корея Республикасында адамнан адамға тұрақты берілуі туралы нақты мәлімет жоқ.
    Алғашқы әйгіленістері қарапайым тұмаудан айырғысыз. Емделушіге диагноз қойылғанға дейін емделуші өкпесі қайтымсыз бұзылыстарға шалдығуы мүмкін. ТШРС-КоВ жұқпасының клиникалық көрінісі әйгіленістердің немесе өкпе респираторлық әйгіленістерінің жоқ болуынан (әйгеленіссіз өту)  ауыр жіті респираторлық ауруы мен өліміне дейін түрленеді. ТШРС-КоВ әдеттегі суреттемесі – жоғары дене қызуы, жөтел және ентігу. Әдетте, бірақ үнемі емес өкпе қабынуы айқындалады. Сонымен қатар, гастроэнтерологиялық әйгіленістер, соның ішінде ішөтпе тіркеледі. Аурудың ауыр барысы кезінде тыныстың тоқтауы мүмкін, ол өкпенің механикалық ауа алмасуын және реанимация бөлімінде көмек көрсетілуін қажет етеді. Шамасы, вирус қарт адамдарда, иммундық жүйесі әлсіреген және обыр, өкпенің созылмалы ауруы және диабет сияқты созылмалы аурулардан азап шегушілерде аурудың ауыр ағымын тудырады.
    ТШРС-КоВ жағдайының үлгілі анықталуы: қызба, өкпе қабынуы, жөтел, ауыр тыныс алу немесе жіті респираторлық дистресс-әйгіленіс және төмендегілердің біреуі:
    - Әйгіленістердің көрінуіне дейін Арабия түбегінің шекарасында немесе оған жақын (Бахрейн, Ирак, Иран, Израиль, Батыс жаға және Газ секторы, Иордания, Кувейт, Ливан, Оман, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен) 14 күн болу.  
    НЕМЕСЕ
    -  Арабия түбегінің шекарасындағы елдерде немесе оған жақын  елдерде болғаннан кейін 14 күн бойы қызбасы байқалған ЖРА немесе өкпе қабынуымен ауыратын адаммен тығыз байланыста болу.
    НЕМЕСЕ
    - Әйгіленістердің пайда болуына дейін 14 күн бойы Корея Республикасының медициналық ұйымында жұмыскер, емделуші немесе келуші ретінде болу.
    Алдын алу және емдеу
    Бүгінгі күні бұл ауруға қарсы анық бір ем де, вакцина да жоқ. Емдеу бір қалыпта ұстап тұратын болып табылады және емделушінің клиникалық жағдайына тәуелді.
    Сақтықтың жалпы шарасы ретінде фермаларға, базарға, қораға және түйелер мен басқа жануарлар бар жерлерге баратындарға гигиенаның жалпы шараларын сақтау керек, соның ішінде жануармен жанасқанға дейін және кейін қолды жиі жуу, сондай-ақ сырқат жануарлармен жанасудан аулақ болу қажет. 
    Тамаққа малдың шикі немесе жеткіліксіз пісірілген өнімдерін, соның ішінде сүт пен етті тұтыну, әр түрлі микроағзаларды жұқтырып алудың үлкен қаупімен ұштастырылған. Тиісінше аспаздық өңделген немесе пастерленген мал өнімдері тамаққа тұтыну үшін қауіпсіз, бірақ, өңделмеген тамақ өнімдерінен айқыш жұқтыруынан аулақ болу үшін ұқыпты қарауын талап етеді. Түйе еті немесе сүті жұғымды азықтар болып табылады, оларды пастерлегеннен, аспаздық дайындағаннан немесе жылумен басқаша өңдегеннен кейін тұтынуға болады.
    Медициналық ұйымдарда ТШРС-КоВ ықтимал таралудың алдын алу үшін алдын алу және күресу шаралары маңызды мәнге ие. Жорамалды немесе расталған ТШРС-КоВ жұқпасы бар емделушілерге медициналық көмек көрсететін ұйымдар зарарланған науқастан вирустың басқа емделушілерге, медициналық қызметкерлерге немесе келушілерге берілу қаупін төмендету мақсатында тиісті шаралар қолдану керек – жеке қорғаныш құралдарын пайдалану, соның ішінде қорғанышы жоғары дәрежедегі демперде кию, жеке гигиена ержелерін сақтау, дезинфектанттарды пайдалану. Медициналық қызметкерлердің жұқпаның алдын алу және онымен күресу бойынша білімі мен даярлығы болу қажет, және олар осы дағдыларды жүйелі түрде сақтау керек.
    ТШРС аурулары тіркелетініне немесе тіркелмейтініне қарамастан, қырағылықтың жоғары деңгейін сақтаған дұрыс, әсіресе, Таяу Шығыстан келген саяхатшылар мен еңбекші-мигранттардың саны көп болған жағдайда. ДДСҰ басшылық нұсқауына сәйкес осы елдерде эпидбақылауды, сондай-ақ медициналық ұйымдарда алдын алу және онымен күресу шараларын күшейте беру керек.
             

     



     

                   Скрининг туралы ақпарат

     

                                





     

    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»