Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас  /  Біз туралы  /  Қызметтер /  Әлеуметтік қызметтер
Әлеуметтік қызметтер

    Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген, адамдар мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет.


    Әлеуметтік қызметкерлер Халықаралық Федерациясының анықтамасы бойынша әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адамдар өзара қарым-қатынастарындағы мәселелерді шешуге және адамның бостандық пен лайықты өмірге құқығына себепші болады. Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жүйелер тағылымына негізделе келе, әлеуметтік жұмыс адам қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте болғанда үдеріске қосылады. Адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттік – әлеуметтік жұмыстың іргелі қағидалары.

    Нормативтік-құқықтық базаға сай: 29.12.2008ж. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы негізгі заң» от года, 25.11.2009ж. «Әлеуметтік қызметтер стандарттары», 10.04.2009ж. №134 «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлеріне кәсіби талаптар мен оларды аттестаттау ережелерін бекіту туралы» бұйрық.


    Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылған кәсіби талаптарға сай әлеуметтік қызметкерлерінің екі тобы болады:
    - мұқтаждықты бағалау және анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер;
    - үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер.


    ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК өзінің құзыреттілік шеңберінде бекітілген тұрғыздарға белсенді көмек пен қолдау көсететін әлеуметтік жұмыс және психология бойынша білікті мамандар қызмет етеді. Қазіргі таңда Орталық штаттында 4 – әлеуметтік қызметкер мен 2 психолог, сонымен бірге  отбасылық кеңес беру және қауіп-қатер тобындағы жүкті әйелдер мен 0-5жастағы балалары бар үйлерге кіріп-шығу  бойынша маман бар.  Өзінің қызмет аясында мамандар өз жұмысын жеке, топпен жұмыс деңгейінде атқарады, сонымен қатар керек болған жағдайда отбасыларға  патронаж өткізеді. Жағдайды бағалайды, тәуекел мен мәселені шешеді және көмек көрсетеді.
    Ведомства аралық, сектор аралық жұмыс және қиын жағдайда қалған  азаматтар мен науқастарға көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жүргізіледі.
     ҚР денсаулық сақтаудың бастапқы кезеңде алдан алу мақсатында келесі медициналық- әлеуметтік технологиялар  өңделіп, қызмет етеді:

    1. Отбасыны қолдау орталығы;
    2. Әмбебап- үдемелі патронажды мейіргерлік қызмет моделі;
    3. Ішкі және сала аралық ынтымақтастық;
    4. Саналы ата-ана болуға арналған ата-ана дағдыларын қалыптастыру жөніндегі мектеп;
    5. Супервизия;
    6. Сенім телефоны .
     
    Отбасыны қолдау орталығы – бұл отбасын сақтау, нығайту және қызмет етуін жақсартуға, тәуекел тобындағы отбасыларға ерте бастан араласуды қамтамасыз етуге және балаларды бағып күту мен толық отбасының ден саулығын ныңайтуға бағытталған қызметтер мен іс-шаралар жиынтығы.
    Саналы ата-ана болуға арналған ата-ана дағдыларын қалыптастыру жөніндегі мектеп өз алдына білім, дағды мен әлеуметтік қолдауға негізделген ата-ана ретінде әке мен ана рөліне жақындауын жақсартуға,  баланы тәрбиелеу бойынша құзыреттілігі мен ресурстарын арттыруға бағытталған қызмет пен әртүрлі іс-шаралар жиынтығы.
     
    Супервизия  қиын әлеуметтік жағдайдарды талдауға және тәуекел тобына жататын  отбасыларға ерекше көмек көрсететін жұмыс дағдысын дамыту, жұмыс процесінде кездесетін  қиындықтарды талдау, сонымен бірге кәсіби күйюді тоқтату мақсатында әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби  қызметінің сапасымен қамтамасыз ету.
    Әмбебап- үдемелі патронажды мейіргерлік қызмет моделі –тұрмысы орташа және төмен деңгейдегі үйге патронаждық кіріп-шығудың аралас моделі, әлеуметтік әл-ауқатсыздықты салдарын болдыртпай, ортақ күтім, тамақтану, денсаулық, жоспарында 5 жасқа дейінгі балалар үшін ерекше сәйкес келетін ресурстармен қамтамасыз ету
    Отбасылық кеңес беруші  - отбасыларға үйде патронаждық мейіргерлік қызмет көсететін маман.
    Ішкі және сала аралық ынтымақтастық - ішкі және сала аралық ынтымақтастық технологиялары – тек медициналық  ұйымдар шеңберінде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық, діни ұйымдармен, қиын өмір жағдайында қалған бала немесе отбасыға тура көмек көрсетіге арналған фондтармен  байланыс пен ынтымақтастық орнату
    Тұрмыстық зорлықтың құрбаны болған клиенттерге әлеуметтік және психологиялық қызметтер тізімі:
    1. Келесі сұрақтар бойынша әлеуметтік қызметкерлердің кеңесі:
                              Әлеуметтік – құқықтық
                              Әлеуметтік – тұрмыстық
                              Әлеуметтік – психологиялық
                              Әлеуметтік – медициналық
                              Әлеуметтік – педагогикалық        
                              Әлеуметтік – еңбектік
                              Әлеуметтік – мәдениеттік    
                              Әлеуметтік – экономикалық
    1. Ақпараттық қолдау;
    2.  ұзақ (қысқа мерзімді) қолдау; 
    3.  патронаж
    4.  Топтық жұмыстар (тренингтер, топтық өз-өзіне көмек)
    5. арт-терапиясы (еңбек-терапиясы)
    6. әлеуметтік қызметкердің делдалдығы (медиация, мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда  клиенттердің мүдделерін білдіру)
    7.  мәдени-көпшілік іс-шаралар;
    8. Еріктілер қозғалысы
    9. Клубтық сабақтар
    10. Ведомства аралық ынтымақтастық (кризис орталығы, ҮЕҰ)
    11. «Тыныштық» бөлмесі қызмет етеді
     
     
    Психологиялық
    • Психологтың жеке кеңесі
    • Психологпен топтық жұмыс
    • Психолог патронажы
    • Арт-терапия
    • Ауто-тренингтер
    • Психологпен релаксация и медитация сабақтары
    • Музыко-терапиясы, ертегі –терапиясы
     

    Әмбебап - үдемелі патронажды мейіргерлік модел қызметі:
    • Бала мен отбасының физикалық, эмиционалды, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктері үшін 0-5 жас ралығында бала бар үйлерге кіріп-шығу;
    • Балаларын бағалауға негізделген және белгілі күшті жақтары мен отбасы қажеттіліктерін қосатын ата-аналармен жеке бағдарламар жоспарлау және өңдеу;
    • Отбасыны санитарлық білім берумен қамтамасыз ету;
    • Отбасыларды дағдылануға оқыту;
    •  
    • Отбасыларға баланың даму кезеңіне сәйкес келетін іс-шаралар өткізу және баланың зияткерлік, әлеуметтік- экономикалық, қозғалыс және тілдік қабілетіне қарай  ақпаратты ұсыну.
    • Тәрбиелеу дағдылары мен қиын мінез-құлық жағдайында тәртіпті қамтамасыз ететін әдіске сәйкес балаларды тәлімгерлік мадақтау тәсілін оқыту және моделін өңдеп қамтамасыз ету.
    • Отбасыларға басым мақсаттар мен нәтижелерді анықтауда көмек көрсету және кеңес беру;
    • Отбасыларға өз баласына білім беру үшін мүмкіндіктерді қолдануда көмек көрсету және кеңес беру;
    • Отбасыларға олардың денсаулығы мен үйдің қауіпсіздігін талдау арқылы денсаулық сақтау және бала қауіпсіздігі мәселесінде, отбасының тұрақтылығы негізінде  көмек көрсету және кеңес беру;
    • Бала дамуын бақылау;
    • Ата-аналарды балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет туралы ақпараттандыру және олардық толық қатысуына ынталандыру;
    • Отбасылардын жетістіктері мен алдағы мақсаттарына көмек  беруге бағытталған білім беру ресурстары және оларды қолдау ресурстарымен қамтамасыз ету;
    • Отбасыларға қызмет көрсетуге қатысатын басқа да мамандармен ынтымақтастық және кеңес алмасу;
    • Отбасыларды денсаулық сақтау жүйесі мен басқада секторларда мамандандырылған қызметтерге бағыттау, сондай-ақ басқада ресурстарға, мысалға: қолдау топтары, ҮЕҰ;
    • Отбасына қолдау топтарын өңдеу арналған ресурстарды қолдану мен денсаулықты нығайтуға үшін науқандар жүргізу.
     

    Кумарова  Гульнар Хасеновна:
    Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК әлеуметтік-психологиялық қызмет үлестірушісі, әлеуметтік ғылым магистрі, денсаулық сақтауда әлеуметтік жұмыстар жөнінде бапкер – оқытушы. 
    1985 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша Гуманитарлық университеті аяқтады. 2012 жылы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Қазақ экономикақаржы және халықаралық сауда университетін және АҚШ Нью-Йорк қаласындағы Колумбиялық университетінде әлеуметтік жұмыс мектебінен оқыту өтті.
    15 жыл ішінде республикалық және әлеуметтік денсаулық сақтау жүйесінде әлеуметтік жұмыстың тәжірибесін дамытуда жаңалық табушы болып табылады.
    Тұрғындардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлесі үшін Астана қаласы денсаулық сақтау Департаментінің құрмет грамотасымен, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл – медальмен, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің және азаматтарға адал қызметі үшін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының   алғыс хаттарымен марапатталған.
     

     

     
     
     
    Уашева Айжан Кайргельдиновна әлеуметтік қызметкер.  2005 жылы Астана қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық  Университетін «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша тамамдады. 2008 жылы Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетін «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша магистратура аяқтады. Ғылыми жұмысы тақырыбы: «Қазақстандағы әлеуметтік жетімдік». Ыстамбұл, Уфа қалаларында біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Халықаралық  және республикалық дөңгелек үстел, конференциялардың қатысушысы.



    Шонова Асель Багдатовна – Евразиялық Ұлттық Университеті – әлеуметтік жұмыс бакалавры, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – әлеуметтік жұмыс магистранты. БҰҰ-ның балалар қоры ЮНИСЕФ- «Отбасыны нығайту және әлеуметтік жетімсіреудің алдын-алу» халықаралық жобасында біліктілігін арттыру курстарынан, кезең бойынша «Есірткі қолданатын адамдарға әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттары», «Денсаулық сақтау жүйесінде психоәлеуметтік
    оңалту» оқыту семинарларынан өтті

    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»