Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас  /  Біз туралы /  Ғылым мен білім
Ғылым мен білім
    Ғылым мен білім беру ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК қызметінің аса маңызды бағыттары болып табылады. Денсаулық сақтаудың бастапқы сатысына инновациялық технологиялар, дәлелді медицина, әлеуметтік жұмыс, психология, халыққа қызмет көрсетуді жаңа тұрғыда қарастыру ғылыми база мен ғылыми бағалауды талап етеді. Осының бәрін біз халықаралық стандарттарға сай іс жүзінде өзіміздің қызметімізде жүзеге асырамыз.

    Медициналық оқу орындарында оқу пәні болып танылмаған салада қызметкерлерді даярлау біз үшін басым болып табылмақ. Әлеуметтік жұмыс, психологиялық қызмет көрсету, халықпен, жеткіншектермен, отбасымен, қауымдастықпен жүргізілетін жұмыстың тиімді әдістер тәжірибесін біз студенттерге, болашақ отбасылық дәрігерлер мен мейіриелерге, денсаулық сақтау саласының менеджерлеріне табыс етеміз.

    ЩЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК тәжірибесін тарату мақсатында Қазақстанның түрлі қалаларында көшпелі семинарлар ұйымдастыру денсаулық сақтаудың бастапқы сатысындағы әлеуметті бағдарлы моделінің, медициналық және әлеуметтік қызметтер шоғырлануының, пациентке бағытталған көмек пен жаңа технологиялардың нәтижелілігі мен тіршілікке қабілеттігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

    Аталмыш модель маманның кәдімгідей сапалы кәсіби дамуына және әлеуметті бейімді болып шығуына мүмкіндік береді.

    Әлеуметті бейімді дәрігер – бұл қызметтің аталмыш түрін халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсету негіздері бойынша арнайы білім мен дағды арқасында (өз бетімен, әлеуметтік қызметкермен біріге) іске асыратын, сауықтыру үрдісіне пациенттердің өздерін туыстары мен ең жақын бірлестік мүшелерін біріктіре қосып, сондай-ақ өз денсаулығына өзі жауапты болуға, саламатты өмір салтын дәріптеуге, сауыттылықты, ақпараттандырылғандықты және әлеуметтік белсенділікті жоғарлату арқылы аурушаңдық қауіп-қатерін жоюға түрткі болатын маман.

    Әлеуметті бейімді мейірие – бұл дәрігер қоластында немесе өз бетімен, бірақ медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мамандар тобымен тығыз ынтымақтастағы, халыққа қызмет көрсеткенде медициналық-әлеуметтік технологиялар қолданатын маман 
     
    Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»