Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас  /  Біз туралы /  Емделушілер үшін ақпарат
Емделушілер үшін ақпарат
    Тілектестік қарым-қатынас және адамның өз денсаулығы, отбасы мен қоғам денсаулығы  үшін ортақ жауапкершілікті дарыта отырып, жоғары сападағы медицина қызметтерін қызметкерлердің кәсіпқойлығымен, зияткерлік әлеуетімен және медициналық-әлеуметтік психологиялық қызметтерімен үйлестіру арқылы халық денсаулығының сапасын жақсартуда жаңашылдықты жүзеге асыру.

    Құрметті емделуші!

           Сіз, денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК жүгініп отырсыз. Ең жақсы нәтижеге жету үшін әкімшілік біздің емдеу мекемізде қабылданған ережені сақтауыңызды сұрайды:
    Жедел және шұғыл медициналық көмектің көрсетілуін қажет ететін жағдайларды қоспағанда, науқастар жұмыс күндері қатаң тәртіпте жазба уақытына сәйкес сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін өзгермелі кесте бойынша қабылданады.
    • Және сенбі күні дәрігерлер мен мейіргерлердің кезекшілік кестесіне сәйкес.
    • Науқастардың Орталық жағдайында дәрігер қабылдауына алдын ала жазбасы  және үйге шақыру жазба, өзін өзі жазып алу, тікелей жүгіну, телефон және ұйымның веб-сайттары арқылы «Денсаулық.ком» бағдарламасында «Медицина қызметтері порталы» бойынша жүзеге асырылады;
    • Орталыққа келген кезде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді (16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлік), егер стационарлық емделуден, онда стационардан көшірмені алуды ұмытпаңыз.
    •    Жақын мен туыстарыңызға Орталыққа келу тәртібі мен өзін-өзі ұстау тәртібі туралы ескертіңіз. 
    «Демеу» отбасылық денсаулық орталығында білген дұрыс: қайда бекітілгеніңізді, учаске №, Сіз және Сіздің туыстарыңыз қарым-қатынас жасайтын емдеуші дәрігеріңіз бен мейіргерлеріңіздің  аты-жөнін. 
     
    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы №  193-IV Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматттары құқылы:
    • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
    • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуіне;
    • медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
    •  диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
    •  өз денсаулығының жай-күйі, тексерілу нәтижелері, профилактика, нақтама және оңалту әдістері туралы ақпаратты алуға;
    • мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер және денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға;
    • өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өздерінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;
    • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көрсетілімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
    • Емделушілердің өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін жағдайларды (есеңгіреу халы, коматозды күй), қоршағандарға қауіп төндіретін аурулардан азап шегушілерді, ауыр психикалық аурулармен ауыратындарды қоспағанда, медицина көмегінен бас тартуға;
    • Айрықша ескерілген жағдайлардан басқасы дәрігерлік құпияны құрайтын құпия мәліметтердің жария етілмеуіне;
    • Емделушілердің діни және рухани нанымын бейнелейтін діни қызметтерге;
    • медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
    • медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;
    • мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтінішхат беруге. 
             «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы №  193-IV Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматттары міндетті:
    • өз денсаулығына күтім жасауға;
    • өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
    •  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы  заңнамасына  сәйкес  профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге;
    • медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
    • диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
    • медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
    • өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау жөніндегі сақтық шараларын орындауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан өтуге және емделуге, инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы медициналық қызметкерлерге хабарлауға;
    • басқа емделушілердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға. 
    Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК  
    ЕМДЕЛУШІЛЕРДІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ 
    • Күндізгі аурухана емделушілері бөлімде жату тәртібін сақтау қажет;
    • Жеке тұрмыстық электр аппаратурасын (мысалы, су қайнатқыш, жылытқыш) бөлім басшылығының келісімінсіз орналастыруға болмайды.
    Күндізгі ауруханада жату ережесі бұзылған жағдайда, науқас аурухана парағындағы тиісті белгімен шығарылуы мүмкін.
    Бұзушылық болып есептеледі: қызметкерлермен дөрекі және әдепсіз қатынаста болу, дәрігерге және емшараға келмеу немесе беймезгіл келу, дәрігер нұсқауларын сақтамау, өз қарауына қарай дәрілік препараттарды қабылдау, емдеуші дәрігерге айтпастан және оның келісімінсіз бөлімнен өз еркімен кетіп қалу.
    • Орталықтың барлық бөлімшелерінде, соның ішінде палаталарда, дәліз бен қызметтік кабинеттерде темекі тартуға және спиртті ішімдіктерді ішуге тыйым салынған. Темекі тарту мен ішімдікті ішу емдеу тиімділігін төмендететінін, ауру ағымын күшейтетінін еске саламыз. 
    Азаматтардың өтініштерін қабылдау ережесі
     
    Құрметті емделушілер, біздің емханамыздың қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер сапасына қатысты өтініштеріңіз ауызша және жазбаша түрде қабылданады.
    Өтінішті жазбаша түрде ресімдеген кезде: өз аты-жөніңізді, тұратын мекенжайыңызды, байланыс телефондарыңызды, күнді көрсетіп,  жеке қолыңызды қойыңыз. Өтініште сұрақты, мәселені, ұсынысты анық түрде көрсету қажет. Өтініштер ресми түрде кеңсе немесе шағымдар мен ұсыныстар қорабы арқылы қабылданады. Өтініштер заңнамамен белгіленген мерзімде, шешу нәтижелері туралы хабардар ету арқылы қарастырылады. Анонимдік өтініштер қарастырылуға тиісті емес.
    Азаматтардың ауызша өтініштері шағымдар журналында тіркеліп, сенім телефоны арқылы қабылданады. Жазбаша өтініштерге ұқсас қарастырылады. Өтінішкердің тілегі бойынша азаматтардың ауызша өтініштеріне жауап ауызша түрде берілуі мүмкін. 
     
    Жұмыс кестесі
     
    8.00-20.00 Тіркеу орны
    8.00 20.00 Учаске бойынша дәрігерлер мен мейіргерлердің қабылдауы өзгермелі кестеге сәйкес
    8.00 – 9.00 Зерттеулер жүргізу үшін материал жинау (зертхана)
    8.30 – 12.00  Тексерудің функциялық әдістері (УДЗ)
    Төмендегі кабинеттер сағат 13.00 – 14.00 уақыттағы түскі аспен қоса есептегенде:
    9.00   17.00
     
    Зерттеудің функциялық әдістері (ЭКГ)
    9.00 – 17.00 Күндізгі аурухана
    8.20 – 12.00
    14.00 – 17.00
     
    Гинеколог қабылдауы (жүкті әйелдерді) (гинекологиялық)
    9.00 – 17.00
    жұма күні – манту
    Екпе кабинеті
    9.00 – 17.00 Емшара кабинеті
    9.00 – 17.00 Таңу кабинеті
    9.00 – 17.00 Химизатор кабинеті
    9.00 – 17.00 Физиопроцедураларды қабылдау, ЕДШ
    9.00 – 15.00 Массаж
    9.00 – 12.00
    12.00 – 13.00
    Флюорография
    Нәтижелерді беру
    9.00 – 18.00 Әлеуметтік қызметкер қабылдауы
    9.00 – 18.00 Психолог қабылдауы
    9.00 – 11.00 СӨС дәрігерінің қабылдауы
    9.00 – 18.00 Скрининг зерттеулерінің кабинеті
    9.00 – 18.00 Қарау кабинеті
    9.00 – 18.00 Сау бала кабинеті
    9.00 – 18.00 Әлеуметтік терапия кабинеті
     
    Сенбі: отбасылық дәрігерлер мен мейіргерлердің қабылдауы – кезекшілік кестесіне сәйкес

    Жексенбі: демалыс
     
     
     
    ТЕЛЕФОН НӨМІРЛЕРІНІҢ   АНЫҚТАМАСЫ:
     
    Абылай хан даңғылы, 1 мекенжайы бойынша:
    Бөлім меңгерушісі: 27-43-60
    Тіркеу орны:   27-45-17, 27-44-98
    Сенім телефоны:    27-46-23
     
    Тәуелсіздік даңғылы, 11/1 мекенжайы бойынша:
    Бөлім меңгерушісі:  35-13-23, 35-13-99
    Тіркеу орны:    36-10-75, 36-11-07
    Сенім телефоны:     35-15-49 
     
    Сіздерге денсаулық пен амандық тілейміз!
    Құрметпен, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 13 қалалық емхана» КМК  әкімшілігі!
    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»