Размер шрифта:
A
A
A
Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
Мы рассматриваем Вас как единое целое: Ваши мысли, чувства и тело!
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 1, тіркеу орны тел: 27-44-98, 27-45-17,
Тәуелсіздік даңғылы,11/2, тіркеу орны тел: 36-10-75, 36-11-07
Бас /  Дәрілік қамтамасыз ету
Дәрілік қамтамасыз ету

    Құрметті Астана қаласының тұрғындары!
     
    Стационарлық және стационар алмастырушы деңгейде кепілдендірілген тегін көмектің көлемі аясында (емханалардың күндізгі стационарлары) тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың дәрілік формулярына сәйкес орындалады.
    Ұйымдардың дәрілік формуляры қаланың медициналық ұйымдарының ақпараттандыру қабырғасында ілініп тұр.
    Амбулаторлық кезеңде дәрі-дәрмектері тегін беріледі, амбулаторлық деңгейде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде  тұрғындарды тегін немесе жеңілдікті қамтамасыз ету үшін емдік дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Тізімі негізінде (әрі қарай - Тізім) мекен-жай бойынша бекітілген амбулаторлық-емханалық  ұйымдар (емхана, ОДА және т.б.) дәрігерлерінің рецептері бойынша орындалады.
    Тізімге 2014 жылы өзгерістер еңгізілді. Өзгерістер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығымен бекітілген (ҚР ДСМ 2011 жылғы 04 қарашадағы №786 бұйрығына өзгесіртер еңгізілді).
    Тізімдегі өзгерістер келесі сырқаттарға қатысты:
    1) халық санатын қамтамасыз ету бойынша, яғни бүкіл емдік дәрі-дәрмектер Тізімін барлық халық санатына арналған негізгі терапияға бөлу. Қосымша терапия тек қана 5 сырқат бойынша халықтың әлеуметтік-қорғалмаған топтарына тегін қамтамасыз етіледі: Ишемиялық жүрек ауруы, Артериялық гипртензия, Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және Остеоартроз, асқазанның ойық жаралы ауруы мен  ұлтабар.
    Халықтың әлеуметтік-қорғалмаған топтарына 18 жасқа дейінгі балалар, жүктілер, Ұлы Отан Соғысының ардагерлегі, мүгедектер, "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған көп балалы аналар, атаулы көмек алушылар, жас бойынша зейнеткерлер.
    3) Тізімге мына сырқаттар бойынша қосымша 10 дәрі-дәрмек қосылды: Құздамалық артрит, Крон ауруы және тән емес жаралы колит, қант диабеті, ағза мен тінді ауыстырып отырғызу және т.б.
    б) Крон ауруы мен тән емес жаралы колит - Метотрексат таблеткасы;
    д) Құздамалық артрит голимумаб 1 препараты, егу ерітіндісі; - БҰЛ СИМПОНИ
    ж) Ишемиялық жүрек ауруы – Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка;
    з) Жүрек қақпашасы протезделген, ұштастыру мен синтездеуден кейінгі науқастар -
    Больные с протезированными клапанами сердца, после шунтирования и стентирования - Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка және т.б. ;
    Тізім бойынша №726 және №786 бұйрықтар қоса тіркеледі.
    Тізім қаланың амбулоторлық - емханалық ұйымдарының ақпараттандыру қабырғасында және Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен қаланың медициналық ұйымдарының сайтында ілініп тұр.
    Емдеуші дәрігермен Тізімге сәйкес сырқаттар бойынша диспансерлік есепте тұрған науқасқа емдік дәрі-дәрмектерге рецепт жазылады. Электронды рецепт айына 1 рет айлық қажеттілік көлемінде немесе 3 айға 3 айлық қажеттілік көлемінде беріледі.
     

    Амбулаторлық деңгейде тегін қамтамасыз етілетін дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша барлық қажетті іс-шаралар өткізілдіҚазіргі сәтте дәрі-дәрмектерді тегін беру Тізімге сәйкес, жыл басынан бастап жүзеге асырылуда. Дәрі-дәрмектердің дәріханаларда болмай қалуымен байланысты бірлі-жарым оқиғалар орын алған. Бұдан бұрын жергілікті бюджет есебінен сатып алынған қымбат бағалы нозологиялар (онкогематология, енжар ​​склероз, гемофилия, сирек кездесетін аурулар, онкогематология және т.б.) бойынша дәрі-дәрмек сатып алу республикалық бюджет қаражаты есебінен Бірыңғай дистрибьютор арқылы жүзеге асырылады. Аурулар бойынша осы дәрі-дәрмектер мына мекенжайда орналасқан дәріханада беріледі:. Тәуелсіздік к, 11/1 (бұрынғы Манас к.).

     

    Дәрі-дәрмектер мен аурулар тізімі сондай-ақ ҚР ДМ № 786 бұйрығымен бекітілген.

     

    ҚР ДМ № 726 бұйрығы

    ҚР ДМ № 726 бұйрығына қосымша

     

    ҚР ДМ № 786 бұйрығы

     

     
      «Демеу» орталығында  дәрі-дәрмек босату  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы № 786 Бұйрығының негізінде іске асырылады
     
     дәрі-дәрмек  2015 жылға формуляры.
     
        парақ 1 
       парақ 2    парақ 3      парақ 4      парақ 5     парақ 6     парақ 7      парақ 8

    Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№13 қалалық емхана» КМК дәрі-дәрмек  2017 жылға формуляры.

    Дәрі-дәрмек  босату "МФК Гиппократ" ЖШС желілер дәріханалары арқылы іске асырылады.
    Дәріханара тізімін сілтеме ... басып көруге болады.
     
    ДИРЕКТОР
    блогы
    Есдаулетов
    Толеген Тулеуұлы
    Задать вопрос



















    Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» КМК
    Байланыс ақпараты
    Разработка сайтов
    Компания «SmartSite»